Психологиялық көмек көрсетілді

ҚР «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорының ұйымдастырумен сотталғандарға психологиялық көмек көрсету мақсатында ҚР  «Нұрлы бағдар» қоғамдық қорының президенті Бекеева Роза Олеговна және менеджер Алматов Руслан Фарухович, психолог Аймаханова Назира Кенжебайқызымен кездесу ұйымдастырылды. 
 Қордың негізігі мақсаты - абақтыдан босатылған, шартты түрде сотталған немесе жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарға дұрыс жол көрсетіп, жаңаша өмір бастауға ықпал ету. Кездесу барысында психолог Аймаханова Назира Кенжебайқызы өзінің сөз сөйлеу мәнерімен, адамның ішкі жан дүниесін түсіне білу, адамды өзіне баурап алу қасиетімен қатысушыларды өзіне қарата білді. Кездесуде түрлі сұрақтарға жауап алысты, өздерінің бұл қоғамда, отбасында баға жетпес байлық екенін, тек қандай жағдай болмасын барлығына да шыдаммен, сабырмен қарай білу керек екенін ұғындырды. Олар өздерінің бостандыққа шыққан кезде қандай іспен айналысуға, отбасына қайтадан өзінің әкелік, аналық махаббаттарын  білдіруге, сонымен қатар өздерінің армандарын қағаз беттеріне түсіріп, алдағы уақытта осы армандарын жүзеге асыруға құлшыныс пайда болғанын сездірді.  Сондай-ақ кездесу тартысты әрі қызықты өтті. Нақтырақ айтсам, кездесуде психолог Аймаханова Назира Кенжебайқызы қатысушы азаматтарға қолдарына түрлі сурет бейнеленген қағаздар берді. Ол суреттерде отбасы, ақша, машина, кітап, көк теңіз, жұмыс  сияқты бейнелер бейнелеген. Ендігі кезек қолдарындағы бейнелер туралы армандай білу, сол бейне қарап бостандыққа шыққанда менде осылардың барлығыда болады, менде армандай білемін және де соған қалай да болса жетемін деген сенім айтылған пікірлер болды.
Кездесу соңында  « Иә, бұл өмір қамшының сабындай қысқа. Осы жалған дүниеде адам баласының басынан талай қиындықтар өтіп жатыр. Бұл өмірдің сабағын түсіне білу үшін  әйтеуір бір қиындыққа тап боламыз. Бостандыққа жүргенде қолдағы бардың қадірін білмей, аяғымызды шалыс басқан кезде «аһ» ұрып, қынжыламыз.  Өмірде бізге ең қымбат нәрсе ол әрине-зымырандай зырғып өтетін уақыт. Осы жерден шыққаннан кейін ендігі кезде алдағы уақытта қағаз беттеріне жазып шыққан армандарыңызды іске асыру мақсатында еңбек ете біліңіздер. Сонымен қатар өмірді, отбасыларыңызды, достарыңызды жақсы көре біліңіздер. Оларды жақсы көретіндеріңізді, олардың осы өмірде бар екеніне күнде рахмет айтып жүріңіздер. Осы кездесу мағанда үлкен қуаныш сыйлады. Сіздермен танысқаныма өте қуаныштымын»- деп өзінің жылы лебізін білдірді.  Кез-келген уақытта көмектесе алатынын айтты. Кездесу соңында  өздерінің іштеріндегі ойларын ашығынан жеткізе білген жандарға болашақта армандарын жазып жүрсін деген оймен қойын дәптерлерді сыйға тартты. Күйзеліске кез келген сәтте, кез келген жаста ұшырауы мүмкін. Қысқарта айтқанда қандай адаммен  жұмыс жасасаң да, адамның ішкі дүниесіне жол табу  басты нысана.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
 ЗК-169/4 мекемесі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қараша 2018 г. 539 0