600 қызметкер жыл басынан бері төленбеген еңбекақысын алды

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы астаналық әуежай жұмысшыларына 3 млн теңгеден астам еңбекақысының тиісті бөлігін төлетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ-ның жыл басынан бастап демалыс күндерінде еңбекақыны жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізінде бір жарым еседен төлегендігі анықталған. Бұл - акционерлік қоғамның еңбекақы төлеу ережесіне қайшы. Ол бойынша демалыс күндеріндегі жұмыс үшін екі есе көлемде тариф қарастырылған. Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 600-ден астам жұмысшыға 3 млн теңгеден астам еңбекақы бойынша қарыздар төленді. Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін заңды тұлға әкімшілік, екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2018 г. 714 0