Жапонияда Акихито Кондо есімді жігіт виртуалды қызға үйленді. Қалыңдығы - танымал виртуалды әнші Хацунэ Мику. Ер адам мектепте әкімші болып жұмыс істейді. Оның айтуынша, тойды ұйымдастыруға 18 мың доллар кеткен. Ең қызығы, күйеуі қоңырау шалып, үйге келе жақындап қалғанын хабарлағанда голограмма жасыл түске боялады. Сондай-ақ, ол жолдасына қай уақытта ұйқыға кету керектігін еске салып отырады. Айта кетейік, 2007 жылы Криптон Фютче Медиа компаниясы Хацунэ Мику есімді виртуалды әншіні ойлап тапқан болатын. Қазіргі таңда ол Жапонияда кеңінен танымал.