Облыс жастарының психологиялық жәй-күйі анықталды

Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қоры – ЮНИСЕФ-тің мәліметтері бойынша 5-тен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы суицид, яғни өз-өзіне қол салу көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемдегі ең нашар он елдің қатарында. 15-тен 29 жасқа дейінгі жастар арасындағы суицид жиілігі бойынша 4-ші орында. Осыған орай ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 2018 жылға арналған әлеуметтік жобалар, соның ішінде «Суицидтің алдын алу» жобасыаясында Қызылорда облысының жастарының психологиялық  және әлеуметтік көмектің  қажеттілігін, психологтармен қамтамасыз етілуін, ата-аналар мен жасөспірімдерге   суицид және психикалық денсаулықтың байланысы туралы ақпараттық- танымдық  жұмыстар  жүргізілді. Жоба аясында Қызылорда  қаласы және 7 ауданда  мектеп психологтарына арналған 8 оқу-семинары, 8 ата-аналар жиналысы, «Салауатты демалыстар» атты 8 акция,  Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік құндылықтар, бос уақытты тиімсді пайдалану тақырыптарында оқушылар мен студенттер арасында 5 тренингөткізілді.

Мектеп психологтарына арналған 8 оқу-семинарын «Облыстық Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Берекетова Жамал жүргізді. Семинар барысында  мектеп психологтарына суициалды жағдайлардың алдын алу және суициалды жағдайларға талдама  жасау туралы оқыту жүргізілді. Оқу-семинарына аудандардағы және ауылдық жерлердегі мектеп психологтары қатысты.ҚР-дағы мектеп оқушыларының агрессивті мінез-құлығын түзету жəне алдын алу: жағдайы мен ерекшеліктері, агрессивті балалармен жұмыс жасау əдістері, қатер тобымен жұмыс жасау əдістері, мінез-құлық тренингтері жүргізіліп, психологтарға жаңаша әдіс-тәсілдер көрсетіліп, білімдері шыңдалды.

8 ата-аналар жиналысын «Облыстық Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Берекетова Жамал жүргізді.«Қазақстанда ЮНИСЕФ қоры мен денсаулық министрлігінің қолдауымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу бағдарламасын енгізіп жатыр. Жергілікті кей сарапшылардың мәлімдеуінше, қазақстандықтар психологиялық көмекке көбірек жүгіне бастаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерегінше, Қазақстан әлемде жасөспірімдер суициді ең көп тіркелген елдер қатарына кіреді. Бұған қоса, мұрағаттардан 1981-2008 жылдары өзге елдерде суицид фактілері азайып, ал Қазақстанда халықтың әр 100 мың тұрғынына шаққанда 22,5-тен 25,6-ға дейін көбейгенін көрсететін деректер табылды. Жасөспірімдер арасында өзіне қол салу оқиғасы әлі жиі болады. Қазақстанда жасөспірімдердің қыршын ғұмырын тәрк етіп, өзін өлтіруі - «сыртқы» (жасанды) әсердің кесірінен болатын өлім болып отыр.» - деп

«Салауатты демалыстар» акциясында көшпелі түрде аудан орталықтарында антропометриялық деректерді өлшеу бойынша, психолог кеңес беруімен, «Ақсұңқар» құрылғысы психикалық күй анықтау жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша арнайы парақтармен бірге сілтемелер арқылы 1500-ге жуық сауалнамалар алынды, нәтижесінде халықаралық тәжірбиені үйрену, облыс және 7 аудан бойынша суицидалды жағдайларға талдау жүргізілді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірлік құндылықтар, бос уақытты тиімді пайдалану тақырыптары бойынша облыс көлемінде 500-ге жуық тыңдаушылар қатысқан тренинг өткізіліп, түрлі жатығулар ойнатылып, психологиялық төзімділік, үлкен өмірге қадам басудағы қиыншылықтармен, оған деген төзімділік туралы әңгіме дүкен құрылып, психолог Берекетова Жамал өз кеңестерін айтып, жол сілтеме көрсетілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2018 г. 862 0