Әйелі мен қызын қағып кетті

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында қайғылы оқиға болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам алған жарақатынан қайтыс болды, ал оның қызы аурухханаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
12 қарашада түнгі уақытта ер адам өз әйелі мен қызын қағып кетті. Қайтыс болған әйелдің жасы 36-да болған. Оның жеті жасар қызы ауруханада ауыр халде жатыр.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам оқиға орнында қайтыс болды, қыз бала әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр», - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қараша 2018 г. 467 0