| « Маусым 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | |||||
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-10» көліктік жүк кемесінің (КЖК) ұшырылуына дейін үш тәуліктен аз уақыт қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін «Прогресс МС-10» көліктік жүк кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңына шығарылып, орнатылды, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.
Роскосмос кәсіпорнының мамандары ұшыру кешенінде технологиялық операцияларды аяқтап қалды.
«Прогресс МС-10» көліктік жүк кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан 2018 жылдың 16 қарашасында ұшады деп жоспарланып отыр. Бұл - «Союз-ФГ» ЗТ-ның 2018 жылғы 11 қазандағы апатынан кейінгі бірінші қадам.
«Прогресс МС-10» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүкті, соның ішінде отын, ауа, станцияны жұмыс жағдайында ұстап тұруға арналған жабдықтар, экипаж мүшелеріне қажетті заттарды жеткізеді.
| « Маусым 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | |||||