
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлттық бәсекелік қабілет, сананың ашықтығы, білімнің салтанат құруы, ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, білімнің салтанат құруына негізделеді. Қоғамдық сананы жаңғыртуды мақсат ететін бағдарлама жеке тұлға, отбасылық құндылық, азаматтық, жалпыадамзаттық құндылықтарды жастар бойына сіңіруге арналған. Осы орайда отбасы құндылығын жас ұрпаққа дәріптеу облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының басты мақсатына айналған. Алдағы жылы орталық бастамасымен «Ұлттық құндылықтар негізінде прогрессивті отбасылық құндылықтарды жаңғырту» жобасы жүзеге асырылатын болады.
Отбасы – қашан да қасиетті. «Отан отбасынан басталады», «Отыңды өшірме» деген қанатты сөздер ежелден халық жадында сақталып келеді. Орталық бастамасымен және облыстық Білім басқармасының ұйытқы болуымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Менің отбасымның тарихы» облыстық фото-видео, эссе байқауы өтті.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтар негізінде прогрессивті отбасы моделін үлгі ретінде дәріптеу және мектеп оқушыларының шығармашылық әлеуетін арттыру.
Қатысушылар отбасы тарихы, отбасылық құндылықтар, отбасылық дәстүр жайлы өз ойларымен бөлісіп, шығармашылық шеберлігін көрсете білді.
Байқауға облыстың барлық аудандарындағы мектеп оқушылары қатысты. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде мектеп оқушылары отбасы жайлы эссе жазып, екінші кезеңде қатысушылар фото, видеоматериалдарын көрсетті.
Байқаудың қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасынң дипломдарымен І орынды иеленгені үшін Қармақшы ауданы, №29 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Смайылұлы Бекқанат марапатталды. Дәл осындай ІІ дәрежелі дипломмен Қызылорда қаласы «Атамекен» балалар үйінің тәрбиеленушісі, №140 орта мектебінің оқушысы Нышанова Нұршат пен қалалық №176 орта мектебінің оқушысы Мафтуллина Альбина марапатталды. ІІІ орынды өзара Қазалы ауданының, №190 мектеп оқушысы Көпжасар Танакөз, Байқоңыр қаласы, №272 мектеп оқушысы Ерұланқызы Дильназ бен Қызылорда қаласы, №197 орта мектеп оқушысы Әніс Шыңғыс бөлісті.
Бұнымен байқау марапатты біткен жоқ. Қазіргі таңда отбасындағы ата-ана орны, үлкендер тәрбиесі мен бала мен әкенің, басқа туыстар арасында байланыстар өте маңызды. Осы байланысты барынша жеткізе белгін жалпы қатысушыларға алғысхаттар табысталды.
Ұйымдастырушы облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының дипломдарымен келесі жүлдегерлер марапатталды: І орын Қызылорда қаласы, №233 орта мектебінің оқушысы Іңкәр Қойшығұл, ІІ орынды Шиелі ауданы, №47 мектеп-лицейінің оқушысы, ІІІ орын Сымбат Насыр Жаңақорған ауданы, №195 мектеп-гимназиясының оқушысы, Қазалы ауданы, №17 орта мектебінің оқушысы Айдана Кеңес, Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрдана Жеткерген.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының үздік деп таныған жазба жұмыстары облыстық «Ақмешіт жастары» газетіне жарияланады.