Департамент қызметкерлері латын әліпбиінде диктант жазды

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың төрағалығымен өткен 2018 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысы хаттамасының 2-тармағына сәйкес «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасын» түсіндіру, практикалық тұрғыда меңгерілуін нақтылай түсу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінде жалпыхалықтық диктант жазу акциясы өтті.
  Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінде жалпыхалықтық диктант жазу акциясының негізгі мақсаты жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, әрбір азаматтың, әсіресе қызметкерлердің жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасының “Өзгерістерді өзіңнен баста” кіші бағдарламасы аясында бүгін Департамент басшысы А.Мұхимов бастаған Департамент ұжымы түгел қатысып, «Rýhanı jańǵyrý» тақырыбында латын әліпбиінде диктант жазды.

Мемлекеттік қызметкерлер халықпен тікелей жұмыс жасайтын азаматтар болғандықтан латын әліпбиін олардың бірінші кезекте меңгеруі маңызды екенін ескеру қажет.


Анар Сәлімжан,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 

қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  

қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы 

бойынша департаментінің

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы

басқармасының бас маманы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2018 г. 889 0