Ақтөбеге - Сыр елінің базарлығы

Өңіраралық байланысты дамыту мақсатында Ақтөбе қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды, - деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметінен.
Жәрмеңкеде 150 тоннадан астам өнім түрлері  ұсынылды. Оның ішінде күріш – 60 тонна, жылқы, сиыр, қой еті – 1 тонна, сүт өнімдері – 4 тонна, 1 тоннадан астам ара балы, балық - 12 тонна, көкөніс, қияр, қызанақ – 45 тонна, сөк, талқан – 1 тонна, бақша дақылдары (қауын, қарбыз, асқабақ) 25 тонна, тағы басқа өнімдер.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қараша 2018 г. 787 0