« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бүгінде этностық топтар арасындағы мектеп оқушылары мен жастарға мемлекеттік тілді үйретуде түрлі жобалар іске асуда. Соның бірі – рухани негіз болып танылатын ұлттық құндылықтарды бойға сіңіріп, халықтар достығын насихаттайтын «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының өңірлік байқаулары өткізілуде.
Соның қорытындысы ретінде «Достық үйінде» қала және аудан орталықтарынан келген, түрлі ұлт өкілдерінен құралған мектеп оқушылары арасында сайыс өтті. Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті (мақал-мәтел сайысы мен би-шешендер мұрасынан көрініс сахналау) мен арнайы эссе жазу бойынша өткен жарыс қызықты болды.
– Жобаны іске асыруда жыл басынан бері облыс көлемінде түрлі форматта, мысалы, дөңгелек үстел, шығармалар байқауы, ашық диктант, кездесулер ұйымдастырып келеміз. Сондай-ақ, жазғы тынығу лагерьлерінде ұлттық және спорттық ойын түрлерінен жарыстар, «Тіл мектебі» қазақ тілін оқыту бойынша авторлық бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл жоба оқушылар мен жастардың мемлекеттік тілдің маңыздылығын жете түсінуге көп көмегін тигізді деп айта аламын, – дейді облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің аға сарапшысы Шәкизат Әбдіраманова.
Байқау қорытындысы бойынша 3-ші дәрежелі диплом және арнайы сыйлықпен қаладағы №198 орта мектеп, Жалағаш ауданының №31 мектеп-гимназиясының шәкірттері өзара бөлісті. 2-орынға Сырдария ауданының №36 мектеп-лицей оқушылары ие болды. Бас жүлдені Шиелінің №127 мектеп-лицей балалары жеңіп алды.
Айта кету керек, бұл жобаның қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту факторы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесі мен сапасын арттыруда маңызы ерекше. Сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу, мәдениет, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды балалар бойына қалыптастыруда жетекші рөл атқаратынына сенім мол.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |