Бір күнде 1400-ден астам көшет отырғызылды

Тазалық айлығы аясында ұйымдастырылған ағаш отырғызу күнінде Сырдария ауданында 1400-ден астам көшет отырғызылды. Игі іске аудан аумағындағы мекеме қызметкерлерімен қатар, аудан тұрғындары мен жастар барлығы 1822 азамат белсенді қатысты.
Ағаш отырғызу жұмыстары аудан орталығынан бөлек барлық ауылдық округтерде де жалғасын тапты. Сенбілікте сонымен бірге көшелер күл-қоқыстардан тазартылып, қураған шөптер өртелді. Жалпы, биылғы жылы тазалық екі айлығында аудан бойынша 10 рет сенбілік ұйымдастырылды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 қараша 2018 г. 479 0