«АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айналаны көгалдандыру – жалпыға ортақ ізгі міндет. Өткен сенбіде Жалағаш ауданы орталығында республикадан бастау алған «Ағаш отырғызу» акциясы өтті. 
Дәстүрлі шараға барлық сала басшыларымен қатар аудан тұрғындары да атсалысты. Акция аясында Жалағаш кентінде 2000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар, сенбілік барысында көркейту-көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары да жүргізілді. Оған кент бойынша 70-тей мекеме, 1050 адам, 7 техника тартылды. Сенбілік барысында 25 көшеге тазарту жұмыстары жүргізілсе, 3,7 км арық тазаланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2018 г. 1 263 0