АЛМАТЫДА «CENTRAL ASIA SPORT EXPO KAZAKHSTAN» КӨРМЕСІ ӨТЕДІ

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы ағымдағы жылы 15-18 қараша күндері аралығында Алматы қаласының «Атакент» Халықаралық Көрме Орталығында «Central Asia Trade Exhibitions» көрме мекемесінің ұйымдастыруымен «Central Asia Sport Expo Kazakhstan» көрмесі өткізілетінін хабарлайды.
Аталған көрмелерге шет елдердің мекемелері қатысады деп күтілуде. Атап айтқанда Ресей, Беллорусия, Италия, Испания, Финляндия, Пакистан, Турция, Китай, Украина, Индия және т.б. елдерінің мекемелерінен жалпы 10 мыңнан астам өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2018 г. 492 0