| « Мамыр 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | ||||
| 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
| 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева 2019 жылдан информатика пәні сыныптан бастап оқытылатынын мәлім етті.
ҚР Парламенті Сенатындағы Үкімет сағатында вице-министр оқушылар сарайлары мен 3 мың мектепте робототехника бойынша элективті курстар енгізілгенін айтты.
«Роботехника кабинеттерін жабдықтау бойынша шаралар қабылдануда. Биыл информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында информатика сабағы 2019 жылдан бастап 1-сыныптан оқытылады. Олардың бағдарламасы дайындалып жатыр. Сонымен қатар барлық өңірде 21 ІТ-лицей ашылды»,- деді Эльмира Суханбердиева.
Айта кетейік, осыған дейін ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалім мәртебесі туралы заңды дайындауға кіріскенін, биыл қанша ұстаздың жалақысы көтерілгенін хабарлағанбыз. Сондай-ақ елімізде 5 мыңға жуық ұстаздың төрт пәнді ағылшын тілінде оқытып жүргенін жазғанбыз.
BAQ.KZ тілшісі.
| « Мамыр 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | 3 | ||||
| 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
| 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
| 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |