Жемқорлықты болдырмау міндетіміз

 Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін қауіпті кеселдің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауының 9 бағытында осы  өзекті мәселе туралы ашық айтты. Сонымен қатар, азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажетттігін, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керектігі нақты айтылған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмауға бүкіл қоғам атсалысу керек. Сонда ғана мемлекеттің дамуына кері әсерін тигізетін құбылысты жеңе аламыз.


Еркебұлан Әбдікеров,

Қызылорда облысы бойынша

 мемлекеттік кірістер 

департаментінің бас маманы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2018 г. 775 0