"Зерде" холдингінің жаңа басқарма төрағасы

Директорлар кеңесінің шешімімен Ерлан Дмитрийұлы Дүрмағамбетов "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды primeminister.kz.

Ерлан Дүрмағамбетов 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген.

1994 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электр техникалық университетін (РФ), 1999 жылы Айова штатының ғылым және техника университетін (АҚШ), 2018 жылы — Крэнфилд университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған. Іскерлік әкімшілендіру докторы.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары корпоративтік секторда, соның ішінде Oracle Nederland BV өкілдігінде, "Делойт и Туш" ЖШС, "Скала Казахстан" ЖШС жұмыс істеген.

2006–2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК-да басшылық лауазымдарды атқарған.  

2007–2010 жылдары - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.  

2010 жылдан бастап қазіргі таңға дейін "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2018 г. 557 0