Қазалылық жеке кәсіпкер Нұрбек Кешубаев өз кәсібінен нәсібін тауып отыр.
«Ол кісінің сүйікті ісі – аула гүлдерін өсіру. Жас кезінен әке тәрбиесін бойына сіңірген Нұрбек ағамыз гүл егудің қыр-сырын үйренген, қазіргі таңда өз ауласына жылыжай салып алды. Жылыжайын кең көлемде жалғастыруда. Оның ішінде аула гүлдерімен қоса қияр, қызанақ та бар» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. Осылайша кәсіпкер азамат өз жерлестеріне үлгі көрсетіп отыр. Қолдан келген кәсіптен нәсібін тауып отырған жайы бар.