Ауылда отбасылық фестиваль өтті

Ауылда отбасылық фестиваль өттіЖаңақорған ауданына қарасты Бесарық ауылдық округінде "Мөлдір бұлақтан" атты тақырыпта өңірлік отбасылық, шығармашылық фестивалі болып өтті. 
Мақсаты – отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту, өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, фестивальге қатысқан ауылдық отбасылар 3 номинация бойынша өнерлерін ортаға салды. Хореография (би, ұлттық би, классикалық, қазіргі заманғы, бал кештері), "Вокальды ұжым" (академиялық және эстрадалық жанрда ән шырқау) және "Сәндік- қолданбалы шығармашылық" (отбасылық ұжым дайындаған сәндік қолданбалы бұйымдар) номинациялары бойынша сынға түскен сайыста 1 орынды Назаровтар отбасы иеленді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 мамыр 2014 г. 1 051 0