| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев орынбасары Анатолий Шкарупаның бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілінуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ештеңе білмеймін. Бірінші рет естідім. Білуімше, 2015 жылдары болған жайт. Ал ол бізге жұмысқа бір ай бұрын ғана келді», - деді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар, министр орынбасарларын өзі тағайындамайтынын атап өтті.
«Министр вице-министрлерді тағайындамайды. Олар Үкімет қаулысымен тағайындалады. Ол - тәжірибелі адам. Мән-жайды шешеді деп ойлаймын», - деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетейік, ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Саран қаласының бұрынғы әкімі, ал қазіргі кезде Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа 2015 жылы 215 млн теңгені жымқыру күдігіне іліккен мәлім еткен болатын.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |