КӨШЕ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Кеше Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен кент орталығында орналасқан көше кітапханасының ашылу салтанаты өтті. Шараға кент ардагерлері, аудан тұрғындары, оқырмандар, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл кітапхана оқырманның қуанышын еселей түскендей. Шараға жиылғандар мұндай жобаның өңірде жүзеге асқанына өз ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, кітапхананың тұрақты оқырманы Қожатай Құлмахан кітапхана қорына 10-нан астам түрлі жанрдағы кітап тарту етсе, ардагер-ақын Қалжан Өтегенқызы өз туындысын көпшілікке ұсынды.
Айта кетейік, бұл кітаптар сөресі жұрт көп шоғырланатын халыққа қызмет көрсету орталығынан ашылды, сондай-ақ таяу арада аудандық емхана жанынан ашылмақ. Алдағы уақытта оқырманның сұранысына орай кітапхана санын көбейту жоспарда бар. Осылайша кітапхана қызметкерлері тұрғындардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықтарын арттыруды көздейді.
Көше кітапханасының ерекшелігі кез келген тұрғын өзіне ұнаған кітапты алып оқуға мүмкіндігі бар. Тек, сөредегі туындыны қайта орнына әкеп қойса болғаны. Сонымен бірге, әрбір оқырман кітап қорын толтыруға да болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2018 г. 915 0