« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шындау, олардың төл туындыларын оқушылар арасында насихаттау мақсатында «Рауан» балалар интеллектуалды шығармашылық клубының кезекті отырысы өтті.
Жиынға өлең әлемінің нәзік те сыршыл иірімін өзгеше толқыныспен жеткізіп жүрген жас ақын Гүлзар Башарова және Т.Есетов атындағы №264 мектеп- лицейдің, Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейдің, №2 «Мұрагер» мектеп–лицейінің жас ақындары қатысты.
Шара барысында Гүлзар Башарова поэзияның құдіреті, өлең жазу шеберлігі жайлы әңгімелеп, өзінің шығармашылық жолын таныстырды. Кейінгі жас буынға шығармашылық ізденістерін, қабілеттерін арттырып, сауаттылық, жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеруге бағыт бағдар берді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |