« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай Сырдария ауданы облыс орталығындағы «Универсам» сауда үйінің жанындағы алаңды қайта жаңғыртудан өткізді.
Қала орталығында орналасқан, көпшілік жиі жиналатын алаңға брусчатка төселіп, бордюрлер жаңартылды және субұрқақтың айналасы абаттандырылып, орындықтар орнатылды.
Сондай-ақ, бұл күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Өнері өрден, орны төрден – Сырдария» атты ауданның шығармашылық ұжымдарының концерті өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өткен Сырдарияда сатира сардары Асқар Тоқмағамбетов, халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов пен Әбіраш Жәмішев, театр саңлағы Сәбира Майқанова, ақын-жазушылар Танаш Дәуренбеков, Сейфолла Оспан, Нұрхан Жанаев, Қайырбек Асанов, Қанафия Дәрібаев, кинорежиссер Сұлтан Қожықов сынды талантты тұлғалар туып-өскен. Концерт барысында елдің өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан туған ел перзенттері туралы театрландырылған көрініс қойылды. Концертте «Құрақтың Досжаны» атындағы халық ұлт аспаптар оркестрі, «Балауса» халықтық би ансамблі, «Сырдария» квартеті және бірқатар өнерпаздар Сырдарияның саз сәлемін жеткізді.
Шарада ауданның мәдениет саласындағы соңғы жетістіктері де баяндалды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен Тереңөзек кенті орталығында «Достық үйі», аудандық тарихи-өлкетану музейінің еңбек даңқы залы мен Сырдария ауданының құрметті азаматтарының аллеясы, «Парасат» алаңында Кеңес одағының батырлары, Еңбек ерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің ескерткіші ашылған. Бүгінде ауданда 35 мәдениет мекемесі, 14 халықтық ұжым елге қызмет көрсетуде.
Айдана Жұмадинова.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |