Медиа-саммит өтеді

15 қарашада Алматы қаласында медиа-саммит өтеді. Биыл саммитте 5 елден келген делегаттар бас қоспақ.
Қазақстандық медиа-саммит 2015 жылдан бері  ұйымдастырылып келеді, ол мыңнан астам маркетинг және медиаиндустрия, PR- қауымдастық мамандарын, журналистер мен блогерлерді бір арнаға жинайды.

Биылғы күн тәртібіндегі басты сұрақтар: Қазақстандық медиа  қалай өзгерді? 2019 жылы жарнама нарығынан не күту керек? Жарнама берушілерде қандай контент сұранысқа ие? Отандық медиабизнестегі табыс қандай?
Панельдік пікірталас және шеберлік сабақтары аясында  спикерлер маңызды тақырыптардың түйінін тарқатады. Дәстүрлі түрде бір уақытта бірнеше зал жұмыс істейді. Шара ұйымдастырушысы - «Select Communication group». Серіктестер: «Бизнес FM», «Forbes», «Медиафабрика» агенттігі, «Sky production studio». 
 Айта кетейік, қатысушыларды тіркеу http://mediasummit.kz/ сайтында жүргізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2018 г. 952 0