Мемлекет және қоғам қайраткеріне құрмет көрсетілді

Мемлекет және қоғам қайраткеріне құрмет көрсетілді Облыстық мәслихаттың залында мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының қуанышымен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев және Әбіш Кекілбаев, Ұзақбай Қараманов бастаған зиялы қауым өкілдері және ҚР Парламенті Сенатының депутаттары құттықтады.
Еңбек жолын қатардағы инженер болып бастаған Сейілбек Шаухаманов  облыс әкімі қызметіне дейін өсті.  Әр жылдары  Шиелі,  Тереңөзек, Жалағаш,  Сырдария  аудандарында  комсомол,  шаруашылық,  Кеңес,  партия  органдарын  басқарған  Сейілбек  Шаухаманұлы  бұрынғы  Одақтың  тұсындағы  облыстық  партия комитетінің  соңғы  бірінші хатшысы  және  еліміз тәуелсіздік алған тұста алғашқы облыс әкімі қызметтерін абыроймен атқарды. Сыр бойынан шыққан алғаш  сенатор ретінде де көпшілікке мәлім. Қайраткер қай жерде, қай  жұмыста  болмасын  өзінің өшпес  ізі  бар, өзіне  тән  қолтаңбасы бар,  туған  еліне  еселі де елеулі  еңбек  сіңіріп келеді. 
– Сейілбек Шаухаманұлы облысты басқарған тұс ең қиын кезең еді. Соған қарамастан түйінді проблемаларды тарқатты. Бес елдің басшысының басын Сыр өңірінде қосып, Арал теңізінің мәселесін көтерді. Көпсалалы облыстық аурухана, облыстық телеарна өз жұмыстарын бастады. Мұнан бөлек көптеген әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұл, әрине, еселі еңбектің жемісі. Халықты қиындыққа қарамастан бірлікке, еңбекке, ынтымаққа жұмылдыра білдіңіз, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
«Аймақ басшысы Елбасының мерейтой иесіне арнап жіберген құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ, облыстың құрмет громатасымен және «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Жалпы салтанатты жиынға қатысқандар жылы лебіздерін білдіріп, Сейілбек Шаухаманұлының ерекше қырларын сөз етті» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 мамыр 2014 г. 952 0