Жай түсіп, 100-ден астам қой мен ешкі өртеніп кетті
Үндістанның солтүстігінде найзағай соғуы салдарынан кем дегенде 107 қой мен өртеніп кетті. NDTV телеарнасының дүйсенбі күні хабарлауынша, оқиға Джамму мен Кашмио штатының Раджури таулы аймағында болған. Телеарнаның мәліметінше, малдың жаппай қырылуы туралы ақпарат өткен аптаның соңында келген. Жергілікті билік оқиға орнына полиция тобын жіберген. Дүйсенбіге қарай полицейлер жануарлардың жай түсіп, өлгендіктерін растады. Үнді БАҚ-тарының хабарлауынша, бұл осы елде соңғы жылда найзағай соғуы салдарынан қырылған малдың ең көп саны болып табылады.