Қызылордада «QdigitalInform» жобасы өтеді

 7-8 қарашада Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын насихаттау жобасы аясында семинар ұйымдастырады.

Шара Қызылорда облысының Жастар ресурстық орталығында салалық қызметкерлердің, студенттердің, IT саласының қызметкерлері мен ЖОО оқытушыларының қатысуымен өтеді.

Басты спикер ретінде «ҰАТ» АҚ Қызылорда облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Талант Нұрымов қатыспақшы. Семинар барысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлық бағыттары ашылып, бөлек ақпараттық тапсырмалар топтамасында талданбақ. Айта кету керек, шара «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырылады.

 «QDigitalInform» - қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлік Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойынша ерекше жоба.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері) қатысады.

 

«QDigital inform» әлеуметтік желілерде:

https://www.instagram.com/fcis.kz/

https://www.facebook.com/fcis.kz

https://fcis.kz/– ресми сайт 

#QDigitalinform– бірегей хэштег


Семианардың өткізілу уақыты:7-8 қараша 2018 жыл, сағат 9:30-да.


 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2018 г. 541 0