Кәмелетке толмағандар 23 қылмыс жасаған

Кәмелетке толмағандар 23 қылмыс жасаған   Үстіміздегі жылдың өткен мерзімінде Қызылорда қаласында кәмелетке толмағандармен 23 қылмыс жасалған. Оның ішінде 1-і кісі өлтіру, 4-і тонау, 10-ы ұрлық фактілері орын алған.  
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша,  кәмелетке толмағандармен жасалған 23 қылмыс, 27 кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған. Олардың 6-ы мектеп оқушылары, 6 колледж студенттері, 12-і оқуда не жұмыста жоқ балалар болып табылады. Мысалы, кәмелетке толмаған Р.Н. өзінің жалдап тұрып жатқан пәтердің егесі С.Қ-ның 500 000 тенгесін ұрлау кезінде  қылмыстық пиғылын ақырына дейін жеткізу мақсатында, пышақпен дене жарақаттарын келтіріп, өміріне қауіп төндіруге оқталған. Сонымен қатар, 2014 жылдың өткен мерзімінде ішкі істер органына қадағалаусыз, қараусыз, қаңғыбастыққа салынып жүрген, әртүрлі құқық бұзушылық фактілері мен қылмыстар жасаған барлығы 399 жасөспірім жеткізілген. Олар 323 әкімшілік құқық бұзушылық, 24-і қылмыс жасағаны үшін, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 52 қаңғыбастыққа салынған жасөспірімдер болды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2014 г. 1 820 0