Қызылордада үлгілі отбасылар марапатталды

Қызылордада үлгілі отбасылар  марапатталдыЖылма –жыл 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні аталып өтеді. Осыған орай облыс орталығы – Қызылорда қаласында түрлі іс-шаралар өткізілді.  А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық бірінші кезеңінің қорытындысы өткізілді.

Қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңіне МФК «Тұран» ЖШС-і демеушілік жасады. Конкурстың қорытынды шарасында қала әкімінің орынбасары Рүстемов Руслан Рүстемұлы сөз сөйлеп, қызылордалықтарды мерекемен құттықтады. Шара барысында конкурсқа қатысқан отбасылардың 3-еуі арнайы номинациялармен, 3-еуі жүлделі орындармен марапатталды.

Конкурстың І дәрежелі дипломы Әлібековтер отбасына берілді.Әлібековтер отбасында 7 бала тәрбиеленуде. Отбасының ерекшелігі отбасында егіз және үшем бар. Отбасына бірнші дәрежелі диплом мен теледидар табыс етілді.  Екінші орын қалаға қарасты Маханбетов ауылында тұратын Әбаділдаевтар әулетіне бұйырса, үшінші орын Қызылорда қаласының тұрғыны Мұхтаровтар отбасысы лайықты деп танылды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2014 г. 909 0