Әкімшілік құқық бұзушы Жалағаш кентіндегі Қазыбек би көшесі бойында «Hyndai Starex» маркалы автокөлігін жалған нөмірмен тағып басқарып жүрген. Осыған орай аталмыш жағдайға байланысты Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 461 бабының 3-1 бөлігімен құқық бұзушы Б.М-ның әкімшілік ісі қаралды.
Жалағаш аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабының 3-1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Сотта Б.М. автокөлігіне жалған нөмір тағып басқарып жүргенін мойындайтынын, өзі жұмыссыз екенін көрсетіп жеңіл жаза белгілеуді сұраған. Б.М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461 бабының 3-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 37 040 теңге айыппұл салынды.