700 рет ұрлық жасаған зейнеткер ұсталды

Парижде полиция ойыншық сататын дүкендерден 700 рет ұрлық жасаған 72 жастағы зейнеткерді ұстады. Бұл туралы LCI басылымы жазды. Басылымның хабарлауынша, зейнеткер өзі ұрлаған заттарын интернет арқылы сататын болған. Полицияның мәліметтерінше, зейнеткер 2018 жылдың маусым айынан бері жаңа ойыншық сатылатыны туралы 957 жарнама жариялаған. Жарнама мәтінінде ол ойыншықтардың жаңа және арнайы қорапта сатылатынын да қосып қойған. Зейнеткердің үйін тінткен полиция қызметкерлері ол жерден 1 мың түрлі заттар мен 40 мың еуро қолма-қол ақша тапқан. Өз кезегінде зейнеткер ойыншықтарды істейтін іс болмай әбден зеріккен соң осындай әрекетке барғанын айтқан.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қараша 2018 г. 529 0