Тұрғын үйлердің бірінде балкон қабырғасы опырылып түсті

Ақтауда 6 шағын ауданда 39 үйдің жетінші қабатында балконның қабырғасы опырылып түсті, - деп хабарлайды ЛАДА қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша, 3 қарашада жағдай бақылауға алынды. Қабырға жөнделді.
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңына сәйкес, осы үйдің күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын нысанды басқаратын компания жүргізуі тиіс. Осы тұрғын үй «ЖЭК- 6 Ақтау» ЖШС басқаруында. Серіктестік басшысы бұл мәселені шеше алмайтынын мәлімдеді», - деп хабарлады қала әкімдігінде.
Қала әкімдігінде жауапкершіліктен бас тартып отырған басшының жұмысы тұрғындардың кезектен тыс жиналысында қаралатыны аталып өтілді.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қараша 2018 г. 515 0