Темекі тұқылын тастап, айыппұл төледі

Темекі тұқылын тастап, айыппұл төледіҚызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев және Бұқарбай батыр көшелерінің қиылысындағы аялдамада темекі шегіп, оның тұқылын жерге тастағаны үшін бір азамат айыппұл төлейтін болды.  
Қызылорда  қалалық мамандандырылған әкімшілік  сотының хабарлауынша, әлгі азамат үстіміздегі жылдың 2 мамырында жоғарыда айтылған құқық бұзушылықты жасаған. Соның салдарынан әлгі азамат ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекетті жасаған. Елімізде қабылданған түрлі заңдылықтар бойынша қоғамдық орындарда темекі шығып, айналасын ластауға қатаң тйым салынған. 
Құқық бұзушы Т. А Н сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, оған 3 /үш/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңгеге айыппұл салынды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2014 г. 880 0