«Алай Базары» көтерме-бөлшек сауда орталығының ғимаратында 3 қараша мен 3 желтоқсан аралығында күн сайын "Алтын күз" атты әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, - деп xабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Павлодар мен Ақмола облыстарының шаруа қожалықтары жәрмеңкеде ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ көкөністер, жемістер мен жармалар ұсынады. Қой етінің бағасы 1230 теңгеден басталса, жылқының еті 1400-ге дейінгі аралықта сатылады. Әлеуметтік жәрмеңкеде картоптың бағасы келісі - 55 теңге. Айта кетейік, Павлодар облысынан 150 тонна картоп жеткізілген. Сондай-ақ сәбіздің бір келісін 45 теңгеге ала аласыздар. Ақмола облысынан 30 тонна ірі қара мал мен 7 тонна қойдың еті жеткізілді. Ірі қара малдың еті келісіне - 1300 теңге. Ал қой еті - 1250 теңге. Жұмыртқаның бағасы С-1 санаттық - 23 теңге, С-2 - 24 теңге. Сонымен қатар, мұнда кондитерлік және макарон өнімдері, шұжық пен бал да ұсынылған. Жәрмеңкенің мекенжайы: Алаш тасжолы, С 316 көшесі, 5-ші ғимарат, "Магнум" гипермаркетінің артында. "Алай базарына" № 39, 41, 53, 307 және 317 автобустары баратынын естеріңізге саламыз. Анықтама телефондары: +7 (7172) 738087, +7 771 180 0006, +7 702 000 0390.