Ветеринариялық пункттер ғимаратпен қамтамасыз етіледі

Ветеринариялық пункттер ғимаратпен қамтамасыз етіледіШиелі аудандық ветеринариялық станциясына қарасты ауылдық округтердегі ветеринариялық  пункттерді ғимаратпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 44 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. 
Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Саховтың айтуынша, Шиелі ауданы бойынша 3 мал сою алаңы, 2 типтік жобадағы мал қорымдары жұмыс жасауда. Қалған ауылдық округтерде қарапайым әдіспен салынған мал қорымдары пайдалануда. Сондай-ақ, адам өміріне аса қауіп төндіретін Конго-Қырым гемморагиялық қызбасы ауруының алдын алып, оны болдырмау мақсатында тиісті іс-шараларды ұйымдастырып жатыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2014 г. 911 0