ҚАЗАЛЫДА «АЛТЫН ДӘН» МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ

Қазалыда берекелі жылдың мерекесін арттырып, мерейін тасытатын «Алтын дән-2018» дәстүрлі мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Таңертеңгі сағат сегізден басталған шараға жиналған жұртшылық алдымен Қазалы ауданының білім және кәсіпкерлік бөлімдері ұйымдастырған "Гүлдер" жәрмеңкесін, "Қазалы өнімдерінің" көрмесін тамашалады. Сондай-ақ, мереке аясында өткізілген спорттық сайыстардың жанкүйері болды.
Қала, кент және барлық ауылдық округтерден әкелінген ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде азық-түлік, бау-бақша, көкөніс өнімдері, қысқы мал азықтары аудан тұрғындарына нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылды.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудан жұртшылығын береке мен молшылықтың бастауы "Алтын дән" мерекесімен құттықтап, ауыл еңбеккерлерінің ел үшін еткен ерен еңбектерінің ақталғанын атап өтті.
Бұдан соң ауылшаруашылығы өндірісінің озаттарына, шаруашылықтарға аудан әкімінің марапаттаулары мен сый-сияпаттары табысталды.
Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосқан тұлғаларға "Қазалы ауданының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Мәдениет орталығы өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарлама мерекелік шараның мазмұнын байыта түсті. Жұртшылық мерекеден зор әсер алып, жәрмеңкеден мол олжамен қайтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қараша 2018 г. 917 0