Жалағаш ауданында әкімшілік ғимаратынан өрт шықты

Бүгін таңғы сағат 7.00 шамасында Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының ескі ғимаратынан өрт шығып жатқандығы туралы Жалағаш аудандық өрт сөндіру бөліміне хабарланған. Бұл туралы Жалағаш ауданы әкімдігі "Фейсбук" әлеуметтік парақшасында хабарлады. 
Өрт сөндіру және төтенше жағдайлар бөлімдерінің қызметкерлері өртті сағат 9.00-де толық сөндірген. Оқыс оқиғадан ешқандай азаматтарға зиян келмеген.
Өрттің шығу себептерін өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері зерттеуде.
2018 жылы шаруашылықтардың демеушілігімен және аудандық бюджеттен қаралған қаржылар есебінен «Жаңаталап ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жаңадан әкімшілік ғимараты салынды. 2018 жылдың қазан айының 31 - нен бастап Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппараты жаңа ғимаратқа орналасып, жұмыс жасауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қараша 2018 г. 678 0