"Жастарға патриоттық тәрбие беру, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру" жобасы аясында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы техникалық жоғары колледжінің ғимаратында квест ойындары ұйымдастырылды.
Ойын "Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін" деген қағидаға негізделген екен. Ойнай отырып, ойлауға бейімдейді. Әрекет етуге, команда үшін күресуге, жеңіске жетуге ынталандырады. Қатысушылар бастапқыда абдырап қалғанымен, кейін шапшаңдыққа көшті. Бірлесіп әрекет еткен топтар оза шығып, жүйрік екенін дәлелдеді.