Байкенже ауылдық округіне қарасты Билібай ауылының тұрғыны Қайым Бақдаулет «Бақыттың кілті – еңбекте» дейді.
Шағын ғана ауылда тұратын қарапайым қолөнер шебері аталмыш кәсіптің арқасында көптің алғысына бөленіп келеді. Оны ауылдастары он саусағынан өнер тамған шебер, ағаш ұстасы деп құрметтейді. Ағаштан түрлі қол өнер бұйымдарын жасайтын шебер көпке белгілі Исабек ұста әулетінің ұрпағы. Өнер иесі ат әбзелдерінен ер-тұрман, қамшы, жүгенмен қоса түрлі үй жиһаздарын жасайды. «Сонымен қатар шебердің қолынан шыққан дүниелердің қатарында мылтықтың құндағы да бар. Ағаштан түйін түйген шебердің есімі көпке таныс болмаса да, өнерін бағалайтын, шеберлігін мойындайтын ауыл тұрғындары жетерлік» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.