
Қазақстандықтарды желтоқсанда барлығы 13 демалыс күн күтіп тұр. 1 желтоқсанда еліміз Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Мереке сенбіге келіп тұрғандықтан, 5 күндік жұмыс кестесі үшін 3 желтоқсан, яғни дүйсенбі демалыс күні болады.
16 желтоқсан — Қазақстанның Тәуелсіздік күні дәстүр бойынша екі күн атап өтіледі. Бірақ 16 желтоқсан жексенбі болғандықтан бұл мереке 15 желтоқсаннан бастап, 18 желтоқсанды қоса алғанда 4 күн бойы атап өтіледі. Сондай-ақ 29 желтоқсан сенбі жұмыс күні болып, 31 желтоқсан дүйсенбіде демалады