«Барахолка» қоймалары отқа оранды

Алматыда «барахолка» базары маңы қою қара түтінге көмілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД  баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түскі 13:41 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекші пультіне Жетісу ауданы, Москвин көшесі  7 мекенжайындағы ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Алғашқы өрт сөндіру жасағы оқиға орнына 5 минутта жетті. Қазір өрт сөндірушілер тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Қосымша ақпарат кейін хабарланады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2018 г. 574 0