Облыстық кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды жетелеу мен мониторингілеу мақсатында құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Айта кетерлігі, аталмыш комиссия облыстың кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және барлық құзіретті органдардың келісімімен құрылған болатын. Бұл инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған мәселелерді шешудің ең алғашы қажетті құралдарының бірі десек те болады. Өңдеу саласында жаңа және жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың дамуы – қолайлы жағдайлар мен аталмыш жобаларды тиісті мамандар көмегімен жетеленуіне мұқтаж. Осындай қажеттіліктен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан комиссия құрылды.
Жұмысшы комиссия құрамына облыстық кәсіпкерлер палатасының кеңес мүшелері, палата басшылары, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, индустриялық-иновациялық даму, ауылшаруашылық басқармаалы, «Даму» қоры, «Байқоныр» ӘКК және «КазАгроҚаржы» еншілес мекемелерінің басшылары енгізілді. Жұмысшы комиссияның мақсаты – экономикалық маңызы бар жобаларды жетелеу, мониторингілеу, жобаларды іске асыру үшін ұсыныстар мен ұсынымдарды талқылау болып табылады. Қаралған әр жоба бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау және қаржыландыру көздерін қарастыру тетігі ұсынылды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған орай инвестициялық жобаларды қарау мақсатында тұрақты жұмысшы топтың бірінші отырысында «Жылына 6000 тонна ет шығаратын құс зауытының құрылысы» жобасы мен «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ мен «Байқоныр» ҰК бірлескен шағын маркет ашу» жобасы қаралды. Аталған жобалардың барлығы жұмысшы топ мүшелері тарапынан толықтай қолдау тапты. Жобалар 3 этап бойынша қаралатын болады. Онын алғашқысы жобамен танысу болса, екіншісі – проблемаларды талдау, шешу жолдарын қарастыру, үшіншісі – нақты шешімдер қабылдау.
«Қаншама жобаларымыз жүзеге асамын дегенше бірнеше рет өзгеріске ұшырайды. Сонымен қатар, жүзеге асу уақыты да біршама уақытты алады. Оған себеп жобаларды әртүрлі органдар өз талаптары бойынша әр уақытта қарайтын. Ал бүгінгі құрылған комиссияда жобаларды қарайтын барлық уәкілетті органдар бір жерде бас қосып, мәселені ортаға салады. Жобаны жүзеге асырушы кәсіпкер ретінде бұл бізге де тиімді, – деді «Құс зауыты құрылысы» жобасының иесі Қ.Боранбаев.
Айта кетейік, Кызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы тарапынан құрылған жұмысшы комиссиясы алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды іске асыруына жаңа серпіліс беретін және бизнес орта мен мемлекеттік органдар арасында аталған жобаларды бірлесе әріптесуіне жаңа мүмкіндіктер беретін алаң болмақ.