Екі ұшақ соқтығысты

Франция астанасы Париждің «Руасси - Шарль-де-Голль» әуежайында екі ұшақ соқтығысты, - деп хабарлайды  Рarisien.fr басылымы.
31 қазан күні Delta Air Lines әуе компаниясының лайнері ұшар алдында тұрған Air France-тың ұшағын келіп соққан. Абырой болғанда, оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Air France лайнері Сен-Мартенге ұшуы тиіс еді. Осы оқиғадан соң рейс келесі күнге қалдырылды. Қазір тексеріс жүріп жатыр.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2018 г. 438 0