Әкімдік жергілікті бюджет есебінен лифттерді ауыстыруды қаржыландыра алады
Лифттердің қызмет көрсетуі мен монтаждаудың бірыңғай талаптарын анықтайтын ұлттық стандарт жасалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. «Барлық 16 нормативтік құжатты біріктіретін ұлттық стандарт мүдделі тараптармен келісілді», - деп атап өтті ол ОКҚ баспасөз мәслихатында. Қайырбек Өскенбаев атап өткендей, әзірленген ұлттық стандарт барлық эксплуатациялайтын компанияларды осы стандартқа сәйкес әрекет етуге міндеттейді. «Біріншіден, бұл стандартты орындамағандар әкімшілік-қылмыстық жауапқа тартылады. Екінші - қаржыландыру. Осы заңнамамен қаржыландыру мәселесін шештік. Біз әкімдіктерге жергілікті бюджеттен лифттерді ауыстыру үшін қайтарым негізінде қаржы бөлу мүмкіндігін бердік», - деді ол. Вице-министрдің айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың «Лифтілердің қауіпсіздігі» техникалық регламенті шеңберінде лифтілерге қойылатын қауіпсіздік талаптары белгіленген. Бұл заң 2013 жылдың 18 сәуірінде күшіне енген еді. Қайырбек Өскенбаев атап өткендей, жеткізуші, орнатушы және қызмет көрсетуші ұйымдарға қойылатын талаптар ұлттық заңнамамен реттеледі. Спикер Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта лифт шаруалшылығы қызметін реттейтіни 16-ға жуық нормативтік-техникалық құжаттар бар екенін еске салды.