Әйелдер арасында жиі кездесетін қылмыстың бірі - алаяқтық

 Алаяқтық - жәбірленушілердің сенімдеріне кіру арқылы бөтеннің мүлкіне қол сұғып, залал келтіру. Мемлекетімізде азаматтар алаяқтық үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес жауапқа тартылып, ең жоғарғы жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Кейінгі жылдары әйелдер арасында алаяқтық қылмыстардың өсу қарқыны байқалады. Олар алаяқтық қылмыстардың төмендегідей тәсілдерін қолданады: Банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу, жалған фирмалар құрып, халықтың қаражатын иелену, тұрғын үйлерді кезексіз алып беремін деп жалған құжаттарды пайдалану. Әйелдер көбіне мұндай алаяқтық  қылмысқа бару арқылы материалдық жағдайын жақсартуды көздейді.

Мемлекетте заң баршаға ортақ, әділдік үшін күрес тоқтаған емес. Ең бастысы, кінәсіз адамның құқығы қашанда сақталып, алаяқтардың аяғына тұсау салынады. 

 

 

 

  А.Абызова,

Қызылорда қаласының №2 сотының бас маманы. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2018 г. 845 0