Стивен Хокингтің жеке заттары аукционға шығарылды

 Әйгілі физик, марқұм Стивен Хокингтің жеке заттарын сатып алуға мүмкіндік туды. Оның тірі кезінде пайдаланған бұйымдары онлайн бәссаудаға қойылды. Олардың ішінде ғалымның қолтаңбасы бар уақыттың қысқа тарихы, деректі фильмге түскен кезде киген күртесі, тіпті мүгедек арбасы бар. Жалпы саудаға 22 зат қойылған. Бәссауда қазанның 31-інен қарашаның 8-іне дейін жүреді, - деп хабарлайды 24Хабар.
Томас Веннинг, Christi’s London үйінің кітаптар және қолжазбалар бөілімі басшысы:
- Бұл онлайн аукцион. Сондықтан оған  әлемнің кез келген жерінен қатысуға алады. Ал ғалым тұтынған заттардың құнына келсек, бағалар 100 фунт стерлингтен басталып 150 мың фунтқа дейін барады. Жалпы әр адам бәссаудадан өзіне керегін табады деп ойлаймын.
Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, аукционға қатысуға Азия, АҚШ, Австралия және Таяу Шығыстан көптеген адам тіркелген. Еске сала кетейік, беріш ауруына шалдыққан әйгілі ғалым биыл наурыз айында 76 жасында дүниеден озды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2018 г. 399 0