Қоғамдық қабылдау ұйымдастырды

«Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы арасындағы жастардың өзара әрекеттестік және әріптестік қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Кәусар» мамандар орталығы» ҚБ Байқоңыр қаласының саябағында қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. 

 Жастарға мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған мүмкіндіктер жайын түсіндіруді мақсат еткен шарада қажетті кеңестер беріліп, Елбасы Н.Назарбаевтың  жуырда жарияланған Жолдауы насихатталды. Сонымен қатар «Жастарға арналған жолсілтеме» атты әдістемелік-нұсқаулықтар таратылды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2018 г. 372 0