
Арал ауданынан Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған азаматтарды шығарып салу рәсімі өткізілді.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Баймырзаұлы қатысып, өрендерге сәт-сапар тіледі. Ел мен жерді қорғау қай заман де ер азаматтың мойынына жүктелген міндет. Бүгінгі бейбіт күнде бұл қағида өз күшін жойған жоқ.
Күзгі әскер қатарына қабылдау мерзімінде ауданымыздан азаматтық борышын өтеуге жастар ҚР Қарулы күштеріне қарасты Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы әскери бөлімге аэроұтқыр әскері қатарына аттандырылды.
Шара барысында оқушылар қаруды шашып жинаудан көрініс көрсетті.
Сонымен бірге, ҚР Қарулы күштері саласының ардагері Ж. Жұқабаев және Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы капитан Б.Қуатов сөз алып, жас сарбаздарға ізгі ниеттерін білдірді.
Жиын соңында, әскерге аттанушы сарбаздардың ата-аналары да ақ жол тілеп, әскери міндетін аман-есен өтеп қайтуға тілектестіктерін білдірді.