Назар аударыңыз, жаяу жүргінші

 Ағымдағы жылдың қазан айының 29-ы мен 2 қараша аралығында Қызылорда облысы аумағында жол көлік оқиғаларының, оның ішінде, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын оқиғалардың алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» атты кең ауқымды іс шарасы өтуде.
Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметінің мүдделі органдармен бірлесіп, жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттауға бағытталған түрлі кездесулер өткізуі жоспарлануда.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қатысушылары, оның ішінде жаяу жүргіншілер тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты жол қозғалысының ережесін бұзушылық деректерін анықтауға баса назар аударылады. 

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2018 г. 558 0