Байқау қорытындыланды

БАҚ өкілдері арасында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік журналистік жарияланымдар конкурсы қорытындыланды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» ҚҚ ұйымдастырған шарада І орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Мөлдір Қалымбет, ІІ орынды республикалық «Халық» газетінің тілшісі Жансая Жүнісова иеленді. Жүлделі ІІІ орын аудандық «Қармақшы таңы» газетінің жауапты хатшысы Дәулет Қырданға бұйырды. Жеңімпаздарға Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2018 г. 552 0