Жемқорлықсыз жол - сенімді жол

 Жемқорлық қауіпті кеселдің бірі.  Бүгінде бұл індетпен белсенді күрес жүргізіліп келеді. Елбасы Жолдауында да жемқорлықты ауыздықтау жайы қалыс қалмайды. Бұл орайда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан кешенді шаралар қолға алынған.

Биыл әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін модернизациялау шеңберінде Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында автоматтардырылған режимде «Мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Жобада Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы электронды форматта алынған медициналық құжаттардың негізінде көрсетілетін қызметті қызмет алушының жеке қатысуынсыз сырттай куәландыру қарастырылады. Шара қолжетімділікті арттырып, автоматтандырылған түрде мемлекеттік қызмет алудың сапасын жақсартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге сеп.

Г.АЛТЫНБАСОВА, 

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, №4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2018 г. 745 0